Телекассажазылымды тексеру және ұзарту
RU · KK
Триколор ТВ

Қазақстанда Триколор ТВ жазылымын ұзарту

Картаңызды тексеріп, аяқталу мерзімін көрсетеміз және ұзартуға шот ұсынамыз. Kaspi немесе Halyk арқылы төлейсіз, арналар әдетте 30–60 минут ішінде қосылады.

Выберите оператора для проверки

Триколор ТВ
Телекарта

Тексеру тегін және ешнәрсеге міндеттемейді.

Төлем өз Kaspi немесе Halyk қосымшаңыздаКарта нөмірін, кодтар мен парольдерді сұрамаймызЕсепке алу 30 минуттан екі сағатқа дейін

Бұл қалай жұмыс істейді

Кеңсеге бармай, кезекке тұрмай, басқа қалаға жүрмей. Егер жазылым аяқталуына бірнеше күн қалғанда төлесеңіз, аяқталу күні бірден өзгермейді — ағымдағы жазылым біткенде өзгереді. Бұл оператордың жұмыс тәртібі, ақша жоғалмайды.

1

Картаны тексереміз

Қабылдағыштың ID нөмірін енгізесіз — 12 немесе 14 сан. Қай пакет қосылғаны және қай күнге дейін төленгені бірден көрінеді.

2

Пакетті таңдайсыз

Жылдық құнын көрсетеміз. Бағалар автоматты түрде жаңарады: экранда не көрсеңіз, соны төлейсіз.

3

Шот келеді

Телефон мен банкті көрсетесіз — Kaspi немесе Halyk. Шот тікелей банк қосымшасына келеді.

4

Арналар қосылады

Әдетте 30–60 минут ішінде. Егер қабылдағыш ұзақ өшік тұрса, оны кез келген арнада қосулы қалдырыңыз — белсендіру командалары жерсеріктен келеді, бұл екі сағатқа дейін созылуы мүмкін.

ID нөмірін қайдан табуға болады

Триколор ID — жабдығыңыздың нөмірі: ескі қабылдағыштарда 12 сан (DRE 5000, DRS 5003, GS 7300), MPEG4 және HD қолдайтын жаңаларында 14 сан. Тәсіл модельге байланысты.

Пульттегі батырма
Корпустағы жапсырма
Смарт-картада

Пульттегі батырма

Қызметтік батырма «№ ID» немесе «Status» деп белгіленген. Басыңыз — нөмір экранда шығады.

Қабылдағыш мәзірі

Мәзір → «Статус» → нөмірі бар жол. Кейбір модельдерде бұл бөлім «Личный кабинет» деп аталады.

Корпустағы жапсырма

Қабылдағыштың астыңғы немесе артқы қабырғасында.

Смарт-картада

Қатынау картасы бар модельдерде (GS8306, GS8307, GS9305, U510) нөмір картаның сыртқы жағында, штрих-кодтың астында.

Шартта

Абоненттік шартта ол «ID приёмного оборудования» деп көрсетілген.

«Триколор Кино и ТВ» қосымшасында

Телефонда — мәзірдің жоғарғы жағында. Smart TV-де — «Профиль» бөлімінде.

Таба алмасаңыз — WhatsApp-қа жазыңыз, моделіңіз бойынша айтып береміз.

Сұрақтар мен жауаптар

Жиі қойылатын сұрақтар туралы қысқаша.

Алдын ала төледім, бірақ аяқталу күні өзгермеді. Ақша жоғалды ма?

Жоқ, бәрі дұрыс. Триколорда жаңа күн ағымдағы жазылым біткенде ғана пайда болады: дәл сол кезде төлем есептен шығады және мерзім ұзарады.

Төлегеннен кейін қанша күту керек?

Әдетте 30–60 минут. Кейде ұзағырақ — бұл операторға байланысты, бізге емес. Екі сағаттан кейін арналар жоқ болса, WhatsApp-қа жазыңыз.

Айға төлеуге бола ма?

Қазақстанда Триколорда тек жылдық төлем бар. Операторда ай сайынғы төлем жоқ.

Қандай банктерді қабылдайсыздар?

Kaspi және Halyk. Шот тікелей банк қосымшасына келеді.

Банк картасының деректерін сұрайсыздар ма?

Жоқ. Нөмірін де, кодтарын да, құпиясөздерін де сұрамаймыз. Сіз өз банк қосымшаңыздың ішінде, кәдімгі шот бойынша төлейсіз.

Бізбен байланысу

WhatsApp: +7 706 644 55 66
Пошта: telekassakz@gmail.com
Жұмыс уақыты: күн сайын 9:00–21:00
Деректемелер — Байланыс және деректемелер бетінде